жұма, 27 желтоқсан, 2024 12:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Той кортежтерінің талапқа бағынар түрі жоқ

Той кортежтерінің талапқа бағынар түрі жоқ
ашық дереккөзі
Той кортежтерінің талапқа бағынар түрі жоқ

27 қаңтарда әлеуметтік желілерде Тараз қаласының  көшелерімен өтіп бара жатқан үйлену  тойы кортежінің құрамындағы көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғандығы туралы  бейнежазба жарияланды.

Бейнежазбаны зерделеу  барысында полиция қызметкерлері ағымдағы жылдың 23 қаңтарында Тараз қаласының Жамбыл даңғылында жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі орын алғанын анықтады. Осыған қатысты Жамбыл облысының  Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері 5 жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты. Тұтастай алғанда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 15 хаттама толтырылды.

"Rolls-Royce Phantom" автокөлігінің жүргізушісіне қатысты 2 хаттама  толтырылды: Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы 2-бөлігі) және міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқарғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі).

https://youtu.be/bXoI8DW7K88

"ВАЗ-2114" автомобилінің жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігі бойынша (жол жүрісі қағидаларының қозғалыс, қайта бұрылу, бұрылу немесе тоқтау алдында сигнал беру талаптарын орындамау) және ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі бойынша (мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқару) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"LADA PRIORA" маркалы көлік құралының жүргізушісіне қатысты  жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 3 хаттама жасалды: апаттық жағдай жасау (ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі),  қозғалыс барысында бұрылыс жарығын  қоспау (ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігі) және жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігінің таңбаларымен ұйғарылған талаптарды сақтамау (ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы 1-бөлігі).

"Mercedes-Benz 300" жүргізушісі бірден 4 әкімшілік құқық бұзушылық жасады: ҚР ӘҚБтК-нің 603-бабы 1-бөлігі бойынша (көлік құралының алдыңғы жағына қызыл түсті оттары бар жарық аспаптарын, сол сияқты түсі мен жұмыс режимі көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру талаптарына сәйкес келмейтін жарық аспаптарын орнату), ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігі бойынша (жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын сақтамау), ҚР ӘҚБтК-нің 594-бабы 1-бөлігі бойынша (көлденең бағыттағы көлік құралдарының қозғалысы үшін кедергі (кептеліс) туғызуға әкеп соққан кептеліс пайда болған жағдайда жол қиылысына шығу немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту) және ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігі бойынша (жол жүрісі қағидаларының қозғалыс, қайта бұрылу, бұрылу, кері бұрылу немесе тоқтар алдында сигнал беру талаптарын орындамау).

"LADA 21154-110-40" автомашинасының жүргізушісіне қатысты  апаттық жағдай жасағаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі), Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы), қозғалыс барысында бұрылыс жарығын  қоспау (ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігі) және міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқарғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі)- 4 хаттама   толтырылды.

Сондай-ақ, жоғарыда аталған үйлену тойы кортежінің  құрамындағы  басқа жүргізушілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар