Жазаны өтеудің жеңілі - қоғамдық жұмыс
Жамбылда пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар ҚР Қылмыстық кодексінің баптарында көзделген дала жұмыстарына тартылуда. Олар жергілікті әкімдік белгілеп берген, ағаш кесу, аудандарды көгалдандыру секілді қоғамдық жұмыстарды атқаруда.
Меркі аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет майоры Арайлым Сәмбетованың айтуынша, пробация қызметкерлері дала жұмысына жегілген азаматтармен азаматшаларды жергілікті әкімдікпен бірге қадағалап отырады.
- Қоғамдық жұмыстар сотталған адамның жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастыратын, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады. Мұның бәрін біз жергілікті әкімдікпен қадағалап отырамыз.
Егер, қоғамдық жұмыстардан жалтарған жағдайда заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Мәселен, жұмыстың орындалмаған төрт сағаты үшін қамаққа алудың бір тәулігі есебімен қамаққа алынады, - деді А.Сәмбетова.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Жасөспірімдер театрға барсын десек...
Ұқсас жаңалықтар
Заң
«Бірқатар қауіптер төмендетілді»: Бас прокурор Берік Асылов желіде жазба жариялады
- авторМағжан Орынбасар
- 24 желтоқсан, 2025
Заң
Елімізде құқықтық құндылықтарды дәріптейтін бейнебаян жарық көрді
- авторМағжан Орынбасар
- 23 желтоқсан, 2025






