«4 жылға сотталды». Таразда балабақша қожайыны тәрбиелемеген балалар үшін ақша алып отырған
- авторМағжан Орынбасар
- 27 маусым, 2024
- 675
Прокуратура Тараздағы «РозАль» орталығы» жеке балабақшасы басшылығының заңсыз әрекетін әшкереледі, депа хабарлайды jambylinfo.kz
Деректерге сүйенсек, балабақша иесі мектепке дейінгі ұйымдарды жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында бөлінген 12 млн теңгеге жуық бюджетті қалтаға басқан. Балабақша басшысы іс жүзінде тәрбиеленбеген балалар үшін бюджет қаражаттарын алған.
Алаяқтық фактісі бойынша қала прокуратурасымен қылмыстық іс тіркеліп, оны тергелуі Жамбыл облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылған.
- Тараз қаласының №2 сотының 14.06.2024 жылғы үкімімен балабақша басшысы тәрбие/оқыту қызметін көрсететін кез келген меншік нысанындағы ұйымдар мен мекемелерде қаржымен байланысты материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 3 жылға айыра отырып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды,- делінген ресми хабарламада.