"Антирекорд". Қазақстандағы ең аз орташа жалақыны жамбылдықтар алады
- авторМағжан Орынбасар
- 11 қараша, 2024
- 418
Бюроның дерегіне сенсек, биыл былтырғы жылмен салыстырғанда айлық жалақының орташа мәні 11,3%-ға өсті, нақты жалақы индексі 102,7%-ға тең, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Өткен тоқсанымен салыстырғанда айлық жалақысының орташа мәні 3,2%-ға төмендеді, нақты жалақы индексі 95,3. Өңірлік бөліністе 2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2024 жылдың III тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Шымкент қаласында – 16,1%-ға, Алматы қаласында – 15,2%-ға, Абай және Ақтөбе облыстарында – 14,2%-ға, Қостанай облысында – 14,0%-ға жетті", – делінген бюро хабарламасында.
Айта кетейік, ең көп орташа жалақы алатындардың қатарында Атырау облысы көш бастап тұр. Орташа жалақы – 630 894 мың теңге. Екінші орында Маңғыстау облысы (570 233 теңге) тұр. Ал үшінші орынды Ұлытау облысы (515 543 теңге) місе тұтты. Ең аз жалақы алатындардың тізіміне Жамбыл облысы (279 645 теңге) жайғасты.
14 қараша – Дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күні
Ұқсас жаңалықтар
«Тараздағы митинг». Әкімдік ресми мәлімдеме жасады
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2024
«Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы» тақырыбында поэзия марафоны өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 11 желтоқсан, 2024