Жамбыл жаңалықтар
Емшіні мектепке қонақ қылғаны үшін аудан әкімінің орынбасары мен мектеп директоры қызметінен кетті
- авторМағжан Орынбасар
- 11 қыркүйек, 2024
- 601
Әлеуметтік желіде бұл туралы бйенежазба тараған еді
Жамбылда мектепке емшіні шақырып, құрметпен қарсы алған Тұрар Рысқұлов ауданы Тереңөзек ауылындағы мектепте арнайы тексеріс жүргізілген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Т. Рысқұлов ауданындағы тексеруді Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі мен Жамбыл облысы әкімдігінің білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері жүргізген.
Білім, ақпарат және әлеуметтік даму басқармаларының қызметкерлерінен құралған жұмыс тобы да барған.
Тексеру қорытындысы бойынша Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары А.Терлікбаев мен Жамбыл атындағы мектеп директоры Е.Зәкімбаев өз өтініштері бойынша қызметінен босатылған.