Жамбыл жаңалықтар
Ауыл шаруашылығы өнімдері халыққа делдалсыз жеткізіледі
- авторjambylinfo.kz
- 26 тамыз, 2020
- 260
Ауыл шаруашылығы өнімдері халыққа делдалсыз жеткізіледі
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Б.Нығмашевтың тапсырмасына сәйкес Жуалы, Т.Рысқұлов, Талас, Сарысу және Шу аудандарында «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» жобасы аясында өндірілген 1784 тонна көкөніс, 462,9 тонна ет, 1609,5 тонна сүт өнімдері тікелей, делдалсыз халыққа сату мақсатында аудан орталықтарынан пилоттық округтерде құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтеріне сауда орындары берілді. Сондай-ақ, қосымша сауда нүктелерімен келісім жасалып, өндірілген өнімдерін сатуда.
2020 жылдың 21 тамызында сауда орындарында картоп – 9,7 тонна, қызанақ- 5,7 тонна, ет - 0,4 тонна, қияр - 4 тонна, болгар бұрышы- 0,5 тонна, қауын – қарбыз – 5 тонна, қырыққабат – 1 тонна, көкөніс – 0,5 өнімдері сатылды.
Аталған пилоттық жобаға 10 ауданнан 11 пилоттық ауылдық округтен 25 елді мекеннің тұрғындары қатысуда.
Ағымдағы жылы жобаның Үй іргесіндегі жерлерді тиімді пайдалану бағыты бойынша сомасы 1,1 млрд. теңгені құрайтын 21,0 мың тонна жеміс-көкөніс және бақша өнімдері өндірісі күтілуде.
Бұл тапсырма қалған аудандарда және әр демалыс күндері жалғасын табатын болады.
Тұңғыш Жанұзақов,
облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз хатшысы
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала