Биыл Жамбыл облысында 17 мәдени нысан салынады
- авторМағжан Орынбасар
- 13 маусым, 2024
- 504
Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай биыл салаға 13,3 миллиард теңге қаралғанын, оның ішінде 166,5 миллион теңге іс-шаралар өткізуге жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz
Ерлан Жүнісбайдың сөзінше, Жамбыл облысының 85 жылдығына орай республикалық ақындар айтысымен басталған іс-шаралар тізбегі жалғасып келеді. Бұған биылдыққа 167 миллион теңгеге жуық қаржы қаралған. Басқарма басшысы жыл соңына дейін өткізілетін шараларды атап өтті.
«Жыл соңына дейін облыста бірқатар шаралар өтеді. Мысалы, шығармашыл жастардың «Жаңа есім-2024» жобасының Гала концерті, «Көне Тараз күмбірі» ІІІ республикалық фольклорлық ансамбльдер конкурсы, Камат Касенов атындағы балалар театр ұжымдарының фестивалі, «Күзгі әуен» классикалық кеші, Халық ақыны, жырау, дүлдүл әнші, көрнекті композитор Кенен Әзірбаевтың 140 жылдығына арналған «Кененнің ізбасарлары» атты І республикалық конкурс-фестивалі өтетін болады»,- деді басқарма басшысы.
Сонымен қатар, биыл облыста 17 мәдениет нысанының құрылысын жүргізуге 3,1 миллиард теңге қарастырылса, 8 мәдениет нысанның құрылысын аяқтау жоспарланған. Ал, қалған 9 нысан қаржыландыру жоспарына сәйкес келер жылға өтпелі.
«2024 жылы 185,9 млн.теңге аудандық бюджет қаражаты есебінен Жамбыл ауданы Аса ауылындағы аудандық мәдениет үйі және Т.Рысқұлов ауданы Д. Қонаев ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал 214,6 млн.теңге жергілікті бюджет қаражаты есебінен 14 мәдениет нысандарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүріп жатыр»,- деді Ерлан Жүнісбай.
Республикалық Абай оқуларында 47 оқушы жеңімпаз атанды
Ұқсас жаңалықтар
Таразда сотталған азаматтар оқу-ағарту курстарынан өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 23 желтоқсан, 2024