жұма, 20 қыркүйек, 2024 2:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ербол Қарашөкеев Паралимпиадада күміс жүлде алған Нұрдәулет Жұмағалиды құттықтады

Ербол Қарашөкеев Паралимпиадада күміс жүлде алған Нұрдәулет Жұмағалиды құттықтады
Ербол Қарашөкеевтің жеке парақшасынан
Облыс әкімі параспортшы отандастарының сенімін ақтағанын атап өтті

Ербол Қарашөкеев Паралимпиадада күміс жүлде алған Нұрдәулет Жұмағалиді құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Нұрдәулет Жұмағали Паралимпиада ойындарының финалында SB13 санатында 100 метрге брасс әдісімен жүзуден бақ сынап, ел қоржынына күміс медаль сыйлады.

  • Франция астанасы Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында жүзуден күміс медаль жеңіп алған жерлесіміз Нұрдәулет Жұмағалиды шын жүректен құттықтаймын! Осылайша жамбылдық жүзу шебері төрт жылда бір келетін дүбірлі додада отандастары мен жерлестерінің, жанкүйерлерінің сенімін ақтады. Нұрдаулет Жұмағалиды Паралимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері атануымен құттықтаймын! Келесі байрақты бәсекеде параспортшымыз чемпион атанады деп сенеміз. Барша қазақстандық параспортшыларға сәттілік, жеңіс тілеймін!,- деді Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев.
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар