жексенбі, 29 желтоқсан, 2024 11:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«KASPI» аударым кімдер салық төлейді?

«KASPI» аударым кімдер салық төлейді?
ашық дереккөзі
«KASPI» аударым кімдер салық төлейді?
Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде жолаушылар тасымалымен айналысатын жеке тұлғаларды, яғни такси жүргізушілерін мобильді аударымдардан бас тартып, қолма-қол ақшаға көшуге шақыратын ақпараттар таралуда. Осыған қатысты ӨКҚ баспасөз алаңында Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Байланыс орталығы» басқармасының басшысы Өмірзақ Қоспанов баяндама жасады. Оның айтуынша, салық заңнамасына мобильді аударымдарды пайдалануға байланысты енгізілген өзгертулер жеке тұлғалардың жеке аударымдарын кәсіпкерлік мақсатта жүзеге асырылатын мобильді төлемдерден бөлуге арналған. Олар бизнес қауымдастықпен және банктермен бірнеше рет талқыланған. ©️©️©️ «Бұл бастамалардың мақсаты цифрлық кеңістікте бизнесті дамытуды көздейді, қолма-қол ақшаға көшуге мүлдем ықпал етпейтінін ескеру керек. Мұнымен қоса, «барлық мәліметтер мемлекеттік кірістер органдарына беріледі» деген ақпарат та негізсіз. Ешқандай да алаңдаудың қажеті жоқ. Келесі жылдан бастап банктерден тек кәсіпкерлік шоттарына түскен төлемдер туралы ақпарат алу жоспарлануда. Сондықтан, жеке аударымдарға салық салынбайды», - деп түсіндірді Өмірзақ Сайлауұлы. Ал жеке кәсіпкер салық салу бойынша өзіне ыңғайлы режимді таңдай алады. Мысалы, такси жүргізушілері патент негізінде арнайы салық режимін қолдана алады. Бұл табысы жылына 10 миллион 300 мың теңгеден аспайтын жағдайда ғана қолданылады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар