жексенбі, 19 мамыр, 2024 11:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге арналған арнайы экспозициялар ашылды

Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге арналған арнайы экспозициялар ашылды
Сурет: jambylinfo.kz
Салтанатты рәсімге 100-ге жуық адам қатысты

Бүгін  Жамбыл облысының соғыс және тыл ардагерлеріне арналған Даңқ залында Ұлы Отан соғысының ардагері Балтабай  Адамбаев және Ауғанстандағы әскери іс-қимылдарға қатысушы Петр Вотинцевтің экспозициялары ашылды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Іс-шараға облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Сара Мәдиева арнайы қатысты. Ол өз сөзінде ерлік жасаған тұлғалардың ержүректігі жайында айтып өтіп, олардың даңқты істері өскелең ұрпаққа үлгі болып, патриоттық рухын жанитынын жеткізді.

«Ұлы Жеңіс мерекесіне орай «Даңқ» залында жаңа экспозиция ашылып жатыр. Айтып өткеніміздей, бұл Балтабай Адамбаев пен Петр Вотинцевтің экспозициялары. Жалпы бұл залда ҰОС ардагерлерінің және Ауған соғысы ардагерлерінің, тыл еңбеккерлерінің заттары бар. Бұның барлығы өте қымбат дүние. Өйткені, бұл кісілер біздің бейбіт өміріміз үшін жанын қиған азаматтар»,- деді Сара Мәдиева.

Бұдан бөлек, салтанатты шарада ҰОС ардагері Балтабай  Адамбаев пен Ауған соғысының қатысушысы Петр Вотинцевтің жақындары сөз сөйлеп, тұлғалардың жеке өміріндегі берік ұстанымдарын жастарға өнеге етті. Сонымен қатар, ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев Балтабай Адамбаев жайында бірқатар естеліктерін айтты.

«Балтабай  Адамбаев – бұл кісі ҰОС ардагері, көп кітап жазған жазушы. Соғыстан аман келіп, ел мүддесі үшін қызмет еткен адам. Мен өзім Сарысу ауданын басқарып отырған уақытта осы кісіні жақын танып, мықты адам екеніне тәнті болғанмын. Осы шараға сол кісінің жақындары келіп отыр екен. Бүгінгі салтанатты шараның болашақ ұрпақтың санасына патриоттық сезімді сіңіруде үлкен маңызы бар»,- деді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар