жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 16:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев әкери қызметкерлерді мерекесімен құттықтады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев әкери қызметкерлерді мерекесімен құттықтады
Сурет: jambylinfo.kz
Аймақтағы 28 әскери бөлімде 17 мыңға жуық әскери қызметкер жұмыс істейді

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Таразда салтанатты жиын өтті. "Баласағұн" орталық концерт залындағы шараға көпшілікпен бірге Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Аймақ басшысы өз сөзінде Отан қорғаушылар күні – ел әскерінің қуаты мен айбынын айғақтайтын мереке, еліміздің тыныштығын қорғап жүрген ерлерімізді ұлықтайтын күн екендігін атап өтті.

"Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылғанына 32 жыл толуымен құттықтаймын. Бұл күн ел әскерінің айбынын айғақтайтын асқақ мереке. Отаншылдық рухы қай заманда да қазақ халқының бойынан табылатын қасиет. Отанды қорғау – әр азаматтың борышы. Мемлекет басшысы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен еліміздің қорғаныс саласын дамытуға және әлеуеті мықты әскер құруға бағытталған кешенді реформалар жүріп жатыр. Бүгінде тәуелсіздік күзетінде тұрған Қазақстанның Қарулы Күштерінің айбары артып, қуатты күшке айналды. Олардың қатарында біздің өңірдегі 28 әскери бөлімнен тұратын 17 мыңға жуық әскери қызметкерлер де бар. "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы, Ұлттық ұлан және шекара қызметтері сияқты әскери бөлімдер ел тыныштығын қамтамасыз етеді",-деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ облыс әкімі Жамбыл облысының әскери қызметшілері су тасқынымен күресіп жатқан аймақтарда абыройлы қызмет етіп жатқанын тілге тиек етіп, барша Отан қорғаушыларды кәсіби мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Мерекелік жиынның соңы концертке ұласты.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар