бейсенбі, 3 қазан, 2024 3:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мешіт имамы сотталғандармен кездесті

Мешіт имамы сотталғандармен кездесті
ашық дереккөзі
Мешіт имамы сотталғандармен кездесті
Өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты 26 түзеу мекемесіндегі сотталғандар арасында діни экстремизм және терроризм идеологияларына және деструктивті діни ағымдардың тартылуына жол бермеу мақсатында жүйелі ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық жұмыстары үздіксіз жүргізіліп тұрады. Соның нақты бір дәлелі ретінде дін мамандарының жеке қабылдауын айтуға болады. Жақында мекемеге «Хамракул» мешітінің бас имамы Хамидулла Ахметов арнайы келді. Қабылдау барысында дін маманы сотталғандарға дәстүрлі діни ұстанымды және экстремистік, террористік идеялардың қоғамға қаупін түсіндіру бойынша жұмыстарын жүргізді. Ол әр сотталғанды жеке-жеке қабылдап, олардың дінге деген көзқарасы мен діни сауаттылық деңгейін анықтау мақсатында еркін әңгіме өрбітті. – Арнайы дін маманымен әңгімелесу барысында біраз мағлұмат алдым. Ол маған діни ағымдардың басты ерекшеліктері туралы ашып түсіндірді. Сауатты баяндалғандықтан, қызыға тыңдадым. Санамдағы тұманды ойлардан арылдым, – деді Б есімді сотталған азамат.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар