дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 21:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Облыс әкімінің орынбасары Берік Нығымашев Қордай ауданына табан тіреді

Облыс әкімінің орынбасары Берік Нығымашев Қордай ауданына табан тіреді
ашық дереккөзі
Облыс әкімінің орынбасары Берік Нығымашев Қордай ауданына табан тіреді
Жұмыс сапарының екінші күні Қордай ауданына табан тіреген облыс әкімнің орынбасары Берік Нығмашев алдымен «Дәурен-ай» шаруа қожалығының бордақылау алаңының жұмысымен танысты. Сонымен бірге, аудандық ветеринариялық станция мекемесінің, орман шаруашылығы және жануарларды қорғау бөлімінің , «Бай-Нұр» және «Қордай корм» серіктестіктерінің жұмысымен танысып, ондағы жай-күйді көзбен көріп қайтты. Одан кейін қордайлық шаруалармен кездесіп, арнайы жиын өткізді. Ауданның ауыл шаруашылығы саласында атқарылған жұмыстарының есебі тыңдалған жиында ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Аманов саланы дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдаулар жайлы баяндады. Онда кез келген азамат өз кәсібін ашып әрмен қарай дөңгелетудің жолдары да айтылды. Жалпы бизнесті қолға алып, халықты жұмыспен қамтимын деген ниеттегі азаматтарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі дейді мамандар. Ал халықпен кездесуге келген қаржы институттарының өкілдері шаруаларға өз бағдарламаларын түсіндірді. Аталған баяндамада жеке кәсіп ашудың жолдары айқын көрсетіліп, тұрғындарға жік-жігімен түсіндірілді. Түстен кейін Берік Болатұлы «Қордай былғары-тері комбинаты» серіктестігіне барып, комбинаттың тыныс-тіршілігін өз көзімен көрді. Мұнда өндірілген аяқ киімдердің бағасы 6 мыңнан 18 мың теңгеге дейінгі аралықта. Сапалы, таза былғарыдан жасалған өнім үшін бұл баға қымбат емес. Зауыт мамандары өздері тұтынып жүрген тауардың бірнеше жылға шыдас беретінін сенімді түрде айтып отыр. Сондай-ақ жеңіл өнеркәсіпті дамытуда мамандар күші де айрықша маңызға ие екені белгілі. Бұдан соң Жаңатұрмыс ауылдық округіндегі «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» жобасы аясында атқарылған жұмыстармен танысып, кооператив мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында «Жаңатұрмыс-Бірлік» кооперативінің атқарушы директоры Әсет Спанов агроқұрылымның қазіргі жағдай туралы айтса, «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының өкілі Жұлдыз Серікқызы жоба бойынша алынған несиелердің шарттарын түсіндірді. Жиын соңында ауыл тұрғындары тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар берілді. Жұмыс сапарының соңында Берік Болатұлы Сарыбұлақ ауылындағы «Самғау» шаруа қожалығының жұмысымен танысты.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар