дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 11:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Ойлаудың өзі қорқынышты»: депутат Нұргүл Тау 15 түрлі вейпке талдау жүргізген

«Ойлаудың өзі қорқынышты»: депутат Нұргүл Тау 15 түрлі вейпке талдау жүргізген
Сурет: jambylinfo.kz
Жамбыл облысына жұмыс сапарымен мәжіліс депутаты Нұргүл Тау келді

«Respublica» партиясынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұргүл Тау Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында жастармен кездесті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде өткен кездесуде депутат «Вейп – ел жастарының ермегіне айналмауы тиіс» тақырыбында әңгіме өрбітті.

«Өздеріңіз білесіздер,  мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев вейпке тыйым салатын заңға 19 сәуірде қол қойған болатын. Міне 20 маусымда Қазақстанда вейптер мен шекпейтін темекі өнімдерін сатуға және жарнамалауға тыйым салатын заң ресми түрде күшіне енді. Бұл заң туралы жастар жақсы білуі тиіс. Егер вейп өнімдері белгілі бір жерде сатылып жатса, тиісті органдарға хабарлау керек», -деді ол.

Депутат вейптің жастар денсаулығына орасан зиян тигізетініне ерекше тоқталды.

«Мен қыста вейптің 15 түрін алып, арнайы зертханаға жіберген болатынмын. Нәтижесінде вейптің адам денсаулығына ұшан-теңіз зиян екеніне көз жеткіздім. Оның құрамындағы улы заттарды тізбектеудің өзі қорқынышты», - деген депутат жастарды вейптен аулақ болуға шақырды.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар