дүйсенбі, 25 қараша, 2024 3:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекетке қайтарылуы тиіс

Пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекетке қайтарылуы тиіс
ашық дереккөзі
Пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекетке қайтарылуы тиіс
Аймақта бүгінгі күні мақсаты бойынша пайдаланылмаған құрылысқа арналған жер учаскелері және құрылысы аяқталмаған сақалды құрылыстар өзекті мәселеге айналып отыр.
Мемлекет басшысы игерілмей және пайдаланбай жатқан құрылысқа және ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер учаскелерін тиімді және ұтымды пайдалану, бос жатқан жерлерді мемлекетке қайтару мәселесін жиі көтеріп келеді. Ондай жер иелеріне салық мөлшерін 10 есеге ұлғайту және нұсқама беру мәселелері заң жүзінде бекітіліп, сот арқылы мәжбүрлеп қайтару жергілікті атқарушы органның құзыретіне енгізілген болатын.
Осыған байланысты 20 тамыз, бейсенбі күні облыс әкімінің орынбасары Берік Нығмашевтың төрағалығымен облыс көлемінде құрылысқа арналған жер учаскелерін мақсаты бойынша пайдаланбаған жер иелеріне шара қолдану және мәжбүрлеп алып қою туралы кеңес өтті.
Облыстық және қалалық соттың, прокуратураның қызметкерлері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және жергілікті атқарушы органның өкілдері қатысқан кеңесте облыс әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы басшысы Әбілхайыр Тамабек пайдаланусыз жатқан жер учаскелеріне жүргізілген тексеру жұмыстары жайлы баяндама жасады.
Баяндамашы басқарма тарапынан жүргізілген тексеру кезінде хабарламаларды жер иелеріне ұсыну барысындағы қиыншылықтарды атап өтіп, жер иелерінің хабарламамен таныспау және арнайы тапсырыс пошталарын қабылдамау фактілері, құқық ауыртпалықтарды тіркеу кезіндегі уәкілетті органмен тығыз байланысты орнату, сонымен қатар құрылысқа арналған жер учаскелерін мақсаты бойынша пайдаланбағандықтан мәжбүрлеп алып қою тәртібі сияқты мәселелерді талқылауды ұсынды.
Талқылау барысында, аталған мәселелердің шешілу жолдарының нақты қадамдары анықталды. Атап айтқанда, Жамбыл облысы бойынша ҚР БП ҚС және АЕЖК басқармасы тарапынан тексеру жүргізуді алдын ала хабарлау мәселесін нақтылау, Тараз қалалық тіркеу және жер кадастры бөлімімен жер иелеріне берілген нұсқамаларды құқық ауыртпалығы ретінде уақытында тіркеу мәселесі қарастырылды.
  Тұңғыш Жанұзақов 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар