Жамбыл жаңалықтар
«Полиция барысы – 2026»: Тәртіп сақшылары боз кілемде белдесті
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 15:44
- 36
Ауқымды спорттық іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен құқық қорғау органдары қызметкерлерінен құралған 26 команда 300-ге жуық үздік спортшылары қатысуда.
«Тараз-Арена» спорт сарайында ҚР Ішкі істер министрлігі қызметкерлері арасында қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты және «Полиция барысы – 2026» республикалық турнирі басталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жарыстың ашылу салтанатында Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Қайсар Сұлтанбаев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Бағдарламаға сәйкес, бүгін жарыстың алғашқы белдесулері басталып, алдағы күндері тартысты финалдық кездесулер ұйымдастырылады.

Сайыс 3 сәуір күні өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді салтанатты түрде марапаттау рәсімі өткізіледі.






