Жамбыл жаңалықтар
Республика күні: Меркі ауданында балалар ойын алаңшасы қолданысқа берілді
- авторМағжан Орынбасар
- 24 қазан, 2024
- 233
Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ернар Ғалиұлы арнайы қатысты
Республика күніне орай, Меркі ауданында балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Андас батыр ауылдық округіне қарасты Гранитогор елді мекенінде салынған алаң ауылдың даму жоспары аясыында бой көтерді.
Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ернар Ғалиұлы арнайы барып, ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісті.
Сонымен қатар, ауыл ақсақалдары өз ізгі тілектерін білдіріп, құттықтауларын жеткізді.
Ойын алаңшасында балаларға спортпен шұғылдануға жағдайлар жасалған. Айта кетейік, алаңшаның құрылысына жергілікті бюджеттен 11 млн. теңге бөлінген.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Қордай ауданы мешіт салу бойынша көш бастап тұр
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024