Сарысу ауданында медицина саласындағы кадр тапшылығы қалай шешіліп жатыр
- авторjambylinfo.kz
- 19 маусым, 2024
- 498
Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытов өңірде медицина саласындағы кадр тапшылығы қалай шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Сәкен Мамытовтың сөзінше, аудандағы денсаулық сақтау саласында мамандардың жетіспеушілігін шешу үшін оларды пәтермен қамту қолға алынған. Осы уақытқа дейін 25 медицина салысының қызметкері баспаналы болыпты.
«Ауданда хирург мамандар тапшы. Осы бойынша жас мамандарды тұрғын үймен қамту сияқты қолдау шараларын қабылдап жатырмыз. Алдағы уақытта аудандық бас дәрігер мен біздің тарапымыздан ЖОО бару, түсіндіру, жұмысқа шақыру жұмысын жүргіземіз. Сонымен қатар, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша да жұмыс істейміз»,- деді Сарысу ауданының әкімі.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз