Шөлдала алабының тұрғындары үшін интернет сапасы жақсаратын болды
- авторИндира Тәліпқызы
- 23 мамыр, 2024
- 708

Тараз қаласы Шөлдала алабында байланыс операторының үшінші мұнарасы іске қосылды. Бұл туралы облыстық мәслихаттың депутаты Оралхан Дәуіт Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Депутаттың айтуынша, аталған аудандағы үшінші мұнараны орнату үшін біраз жұмыс істеуге тура келген. Байланыс операторының өкілі мен депутат бірқатар мекемелердің басшыларына барып, мәселені оңынан шешуге көмектесуін өтінген.
«Бұл мәселені шешуде Жамбыл облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Руслан Нохрабековке көп рахмет. Негізі қаланың осы N11 округінде 5 байланыс мұнарасын қосу жоспарланған болатын. Міне, жыл басынан бері үшеуі пайдалануға берілді. Ендігі екеуі Құмшағал жақтағы таудың етегінен және Қызылабад ауылының ортасынан қойылмақ»,-дейді Оралған Дәуіт.
Депутаттың айтуынша, тағы бір мұнараны маусым айында іске қосу жоспарда бар.
Ұқсас жаңалықтар
Облыстық кикбоксинг федерациясының президенті тағайындалды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 наурыз, 2025
Таразда "Жаңару" күні 140 дана ағаш көшеті отырғызылды
- авторМағжан Орынбасар
- 19 наурыз, 2025