Түзеу мекемесінде суицидтің алдын алу бойынша іс-шара өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 1 қазан, 2025
- 377
Ағымдағы жылдың қазан айында ҚАЖД қарасты №59 түзету мекемесінде сотталғандар арасында суицидтік жағдайлардың алдын алу мақсатында кешенді іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Аталған шаралар Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 және №67 мекемелерінің білікті психолог мамандарымен бірлесе отырып жүзеге асырылды. Іс-шара барысында сотталған азаматтардың психоэмоционалдық жай-күйіне бақылау жүргізіліп, психологиялық диагностика мен профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылды.
Сотталғандармен топтық түрде сауалнама алынып, олардың ішкі жан дүниесіндегі күйзеліс, үмітсіздік, мазасыздық деңгейлері зерттелді. Сонымен қатар, тәуекелі жоғары топқа жататын бірқатар сотталған азаматтармен жеке психологиялық кеңесулер жүргізіліп, проективті әдістемелер қолданылды.
Бұл іс-шара түзету мекемесінде суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бағытында жасалған маңызды әрі нақты қадамдардың бірі болып табылады. Психологиялық қолдау көрсету арқылы сотталғандардың өмірге деген көзқарасын өзгерту, өз-өзіне деген сенімділігін арттыру мақсат етілді.
Қарттар күні түзеу мекемесінде атап өтілді
Ұқсас жаңалықтар
Президент Жолдауы: Облыс әкімдігінде жиын өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2025






