дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 16:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда дүкеннен 2 миллион теңгенің киімін ұрлаған әйел ұсталды

Таразда дүкеннен 2 миллион теңгенің киімін ұрлаған әйел ұсталды
Фото - ашық дереккөзден
Таразда әйелдер киім дүкенінен бірнеше рет киім-кешек ұрлаған Жуалы ауданының тұрғыны қолға түсті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Полицияның дерегінше, баукеспе алдымен киімдерді ілгіштен шешіп алып, бейнекамераға түспейтін жерге қойған сөмкесіне ұрланған заттарды алып шыққан. Кейінірек Шымкент қаласындағы базарлардың біріне апарып сатқан.  
Дүкен иесіне жалпы сомасы 2 005 500 теңге көлемінде шығын келтірілген. 
   

-  Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, азаматша уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды,- делінген Жамбыл облысының ПД хабарламасында

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар