сәрсенбі, 12 маусым, 2024 21:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда үш күнге электр қуаты өшеді

Таразда үш күнге электр қуаты өшеді
Сурет ашық дереккөзден алынды
Қалада 27-29 мамыр аралығында кейбір аудандарда тоқ болмайды

Тараз қалалық электр желілері жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар аудандарда электр қуаты өшетінін хабарлады. Қаланың бірқатар аудандары таңғы сағат 09:00-17:00 аралығында электр қуаты болмайды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

27 мамыр күні Құлжабаев, Лысенко, Пирогов, Шасаидов көшелерінде, 28 мамыр күні Сүлейменов, Баласұғын, Чехов, Ұлбике ақын, Бөлтірік шешен сияқты көшелерде жарық болмайды.

«Ал, 29 мамыр күні Төле би, Балуан Шолақ, Сенкібай батыр, Сыпатай батыр, Көшенай, Зауырбек көшелері, Байкент, Шалкиіз жырау, Жылысбаев, Қапал батыр, Смайылов, Сенкібай батыр, Жолбарыс хан көшелерінде электр қуаты сағат 09:00-17:00 аралығында электр қуаты болмайды», - деп хабарлады компания.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар