Таразда су жаңа 15 автобус пайдалануға берілді
- авторИндира Тәліпқызы
- 4 шілде, 2024
- 558
Тараз қаласында су жаңа 15 автобус пайдалануға берілді. Шараға қала әкімі Бақытжан Орынбеков арнайы қатысып, «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС-нің автобус жүргізушілеріне көлік кілттерін табыстады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жаңа қоғамдық көліктер көршілес Өзбекстан мемлекетінде өндірілген. Жаңа автобустардың оны №29 бағыттағы ескірген автобустарды алмастырса, қалған 5-еуі №12 маршруттағы кесте санын арттырады. Осылайша №12 бағытта қатынайтын 12 кестені 16 кестеге арттырып, жүру жиілігін 12 минуттан 8 минутқа дейін қысқарту көзделіп отыр.
«Жалпы, Тараз қаласында жолаушылар тасымалын жандандыру, жетілдіру және тұрғындарды қоғамдық көлікпен толық қамтамасыз ету мақсатында 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленген болатын. Соған сәйкес жыл сайын қалаға 70 жаңа автобус жеткізу жоспарланған еді. Дегенмен, биыл 80 бірлік автобус жеткізіліп, жоспарлы меже артығымен орындалды. Бұдан бөлек, жыл соңына дейін қосымша 50 автобус алып келу жоспарланып отыр»,-деді қала басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Қордай ауданы мешіт салу бойынша көш бастап тұр
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024