Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Еске алу шарасына соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен олардың ұрпақтары мен туыстары, облыс тұрғындары жиналды.
Жиналғандар майдан даласында қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, рухына тағзым етті.
Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысының тарихынан сыр шертетін «Даңқ» залындағы тарихи жәдігерлермен танысты.
Айта кетейік, «Данқ» залы соғыс жылдарын бейнелейтін фотосуреттер мен экспонаттарға толы. Ғимаратта 1 миллион 500 мыңнан астам фотошежірелер топтастырылған. Залдың 1941, 1942, 1943, 1944 және 1945 жылдарға арналған қабырғаларындағы суреттерде сол кезеңдегі соғыс көріністері бейнеленген.
Жергілікті майдангерлердің 500-ге жуық медалі де залдан орын алған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз