Тараздық 3 тұрғынды алдап соққан Ресей азаматы шекарада ұсталды
- авторМағжан Орынбасар
- 31 шілде, 2024
- 380
Таразда жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері қаланың 3 сенімді азаматтарын интернет байланысы арқылы алдаған Ресей Федерациясының "Р" есімді азаматын ұстады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жоғарыда аталған азамат биылғы жылдың сәуір-мамыр айлары аралығында өз сыбайластарымен бірге азаматтардың сеніміне кіріп, әртүрлі нөмірлерден қоңырау шалып, "Екінші деңгейдегі банктердің қауіпсіздік қызметінің жұмыскерлері" және "құқық қорғау органдарының қызметкерлері" ретінде таныстырып, алаяқтар азаматтардың атынан несие алмақшы екенін айтқан. Осы схеманы пайдалана отырып, алаяқтар «WhatsApp» әлеуметтік желісінің бейнебайланысы арқылы алаяқтық жолмен несие ресімдеп, жәбірленушілердің 19 миллион теңгесін иемденген.
- Аталған факті бойынша 25.04.2024 жылы ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі сотқа дейінгі тереп-тексеру басталған. Күдікті Мемлекеттік шекара бекетінен Қырғыз Республикасына қарай өту кезінде ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды,- делінген ресми хабарламада.
Қазақстандықтар нотариаттық кеңесті онлайн ала алады
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024
Облыста 16 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024