жексенбі, 6 сәуір, 2025 3:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әулиеата – кітап оқитын өңір: «Оқуға құштар жүректер» байқауы өтті

Әулиеата – кітап оқитын өңір: «Оқуға құштар жүректер» байқауы өтті
Фото - Jambylinfo.kz
Ақпан айында өткен аудандық кезеңнен үздік шыққан 8 ауданның оқушылары облыстық кезеңде бақ сынады

Жамбыл облысында «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында «Оқуға құштар жүректер» атты облыстық байқау ұйымдастырылды. Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілдері Сапарғали Бегалиннің 130 жылдығы, Өтебай Тұрманжановтың 120 жылдығы, Сансызбай Сарғасқаевтың 100 жылдығы және Асқаржан Сәрсектің 75 жылдығына арналған бұл байқауда қатысушылар өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Ақпан айында өткен аудандық кезеңнен үздік шыққан 8 ауданның оқушылары облыстық кезеңде бақ сынады. Байқау барысында қатысушылар әдебиетке деген қызығушылығын, оқу сауаттылығы мен көркем шығарманы терең түсіну қабілеттерін көрсетті.

Байқау «Ерке» өнер дамыту орталығының «Джаз» биімен ашылып, «Smart» өнер мектебінің оқушысы «Молдабайдың әні» әнін орындады. Сонымен қатар, «Талас домбырашылар» ансамблі Бауыржан Ақтаевтың «Алаш аманаты» күйін орындап, KZ ELEMENT өнер орталығының «Ақ құс» триосы «Отан» және «Ләйлім» әндерін шырқап, кештің сәнін аша түсті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер төмендегідей анықталды:

Бас жүлде – Нұржанқызы Әсел (Шу ауданы);

І орын – Алыбаева Арина (Байзақ ауданы);

ІІ орын – Балтабай Ясмина (Тұрар Рысқұлов ауданы);

ІІІ орын – Достай Жұлдыз (Мойынқұм ауданы).

Сонымен қатар, Жуалы ауданынан Адайбай Айзере, Қордай ауданынан Сәрсенбай Ақнұр, Меркі ауданынан Ақатай Ерсұлтан, Тараз қаласындағы Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының оқушысы Джексенби Рамазан және Жамбыл Жабаев атындағы №5 гимназияның оқушысы Асқар Абылай ынталандыру сыйлығына ие болды.

Байқауға әділқазылық еткен қазылар алқасының құрамында:

Исматова Сейсекүл Молдабекқызы – М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, Әлем Халықтар Жазушылар Одағының мүшесі, Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері;

Құттыбаева Жадыра Нұржанқызы – Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының бас маманы;

Нұрманалиева Қымбат Қаржауқызы – Облыстық «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығының бөлім басшысы, журналист.

Бұл байқау жас оқырмандардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға зор ықпал етті. Ұйымдастырушылар болашақта да осындай әдеби шаралар арқылы өскелең ұрпақты кітап оқуға баулуды мақсат етеді.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар