Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми - практикалық орталығының талантты педагог-психологтарды анықтау мен қолдау және озық тәжірибені насихаттау мақсатында ұйымдастырған білім беру ұйымдарының педагог- психологтары арасындағы «Үздік жыл психологы - 2020» атты IX республикалық байқауында жамбылдықтар топ жарды. Осылайша жалпы есепте өңірлер арасында облыс командасы алға шықты.
Облыс намысын қорғаған мамандар жекелеген номинациялар бойынша да озық шыққанын айта кеткен жөн. Атап айтсақ, педагог сарапшылар Т.Рысқұлов ауданы, Ақтоған шағын орталықты орта мектебінің психологі Дамира Смайлова мен Тараз қаласы, №41 маманы Елена Хлесткина жеңімпаз атанды. Ал Сарысу ауданы, Ы.Сүлейменов атындағы орта мектебінің психологі Бағлан Жақсыпейлова және Тараз қаласы, №39 мектеп-гимназияның педагог-психологі Анастасия Жандарова үздік үштіктің қатарынан көрінді. Сондай-ақ Т.Рысқұлов ауданы, Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің маманы Башанова Лаура Сұлтановна «Жаңашыл психолог» атанды.
Бұл бәсекеге облыстан 3 жыл, 3-7 жыл, 7 жылдан жоғары еңбек өтілі бар 5 педагог-психолог таңдалған болатын. Әр өңірдің үздік командалары іріктелген байқауда жамбылдықтар кәсіби біліктілігін көрсетті. Теориялық білімі мен практикалық шеберлігін ұштастыра отырып, жаңашылдығымен ерекшеленген топ әділқазылардың әділ бағасына ие болды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз