Жаңатастағы ахуал: Селден келген шығын көлемі 271 млн теңге
- авторjambylinfo.kz
- 3 қыркүйек, 2024
- 423
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек өңірлік коммуникациялар алаңында Жаңатас қаласында болған селден кейінгі жалпы шығын 271 млн теңге болғанын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қанатбек Мәдібектің сөзінше, жарамсыз болып қалған екі үйдің бірі сатып алынса, бірінің қазір құрылысы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, тұрмыстық техникалар шығыны бюджеттен бөлінген қаражат есебінен өтеледі.
- Жаңатастағы селдің салдары бойынша шығынның көлемі 271 млн теңге болды. Бұл бойынша облыс әкімдігінің қаулысы шығып, Ербол Қарашөкеев қол қойды. Осы аптада төлем төленуі керек. Зардап шеккен үйлерге тиісті көмек көрсетілді. Жарамсыз боп қалған екі үйдің біреуі бюджет қаржысына сатып алынды. Бірі соғылып жатыр. Тұрмыстық техникалар бойынша акті жасалды. Оның шығыны бөлінген 271 млн теңгенің ішінде. Жалпы тұрғындарға барлық көмек көрсетіледі,- деді облыс әкімінің орынбасары.
Айта кетейік, биыл шілде айының 7-сі күні Сарысу ауданындағы Жаңатас қаласында таудан аққан сел елді мекенге кірген еді. Салдарынан 47 үй су алып, 2 үй жарамсыз болып қалған. Бұдан бөлек, бір әлеуметтік нысанның жертөлесі суға толған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Адал еңбек – адам көркі
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024
Облыста 16 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024