сейсенбі, 15 шілде, 2025 12:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жақсылық жасауға мүмкіндік: Таразда «Қамқор» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда

Жақсылық жасауға мүмкіндік: Таразда «Қамқор» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда
Ашық дереккөз
Осылайша әр тұрғын әлеуметтік жәшіктерге тұрмыстық заттарын өткізе алады

Таразда «Қамқор» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Толық мәтін төмендегідей: 

 

Құрметті қала тұрғындары!

Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында сәуір айынан бері облыс аумағында  «Қамқор» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда.

 

Жоба аясында қаламыздағы «MART» сауда ойын сауық орталығы және «Корзинка» дүкендер желісінің бірнеше дүкендерінде қамқор әлеуметтік жәшіктері орналастырылып, қамқор әлеуметтік дүкені ашылды!

 

Жақсылық жасауға тапсырмас мүмкіндік.  Қаламызда орналастырылған әлеуметтік жәшіктерге таза, артық киім-кешек, ойыншықтар, аяқ киім сынды тұрмыстық заттар жиынтығын өткізуге шақырамыз! Жоба жыл соңына дейін жалғасады.

 

Сіздер өткізген киімдер жиынтығы қамқор дүкені арқылы мұқтаж жандарға тапсырылатын болады! 

 

Баршаңызды игі істің жаршысы болуға шақырамыз!

 

ӨТКІЗЕТІН ОРЫНДАР

 

1. «MART» сауда ойын сауық орталығы - (Төле би 27)

2. «Корзинка» дүкендер желісі - Рысқұлов 5у, Көшеней 65, Абай 129, Ниетқалиев 77А

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар