Жамбыл облысынан Қазақстанның жеті аймағына он жеті жүк көлік көмек кетті
- авторjambylinfo.kz
- 10 сәуір, 2024
- 647
"Өздеріңіз көріп тұрғандай, қазір осы жерден 17 жүк «Камазы» жолға шығады. Әр жүк көлігінде 20 тоннадан азық - түлік, киім - кешек, ең қажетті заттар бар. Оның ішінде 7 «Камазбен» 140 тонна пияз жіберіп отырмыз. Бұл – Жамбыл облысы тұрғындарының су тасқыны болып жатқан өңірлерге гуманитарлық көмегі. Облыс әкімдігі жүк көлігінің шығынын көтеріп, ұйымдастыру жұмыстарына ғана атсалысып отыр. Бұйырса, бұл жүк көліктерімен жіберіліп жатқан көмек Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарына және Торғай өңіріне жеткізілетін болады. Жүк көліктерінің жолдағы қауіпсіздігін де мемлекеттік автоинспекторлар арқылы жүзеге асырудамыз. Бұл – облыс халқының сын сағаттағы қолдауы, бірлігі мен жанашырлығы", – деді облыс әкімінің орынбасары.
Ал, осы жұмыстарды ұйымдастыруға жауапты «Тараз әлеуметтік кәсіпкерлік коорпорациясының басқарушы директоры Еркін Жылысбек аймақтан кеткен гуманитарлық көмек көптің бірлігінің арқасында жиналғанын айтады.
«Біз облыс халқының осы ауыр жағдайда жұдырықтай жұмылып, көмек қолын созғанына қуандық. Тіпті, аты-жөндерін айтпауды өтініп, көмектерін беріп жатқан азаматтар да аз емес. Елдің ықыласы мен пейілі осы болса керек», – деді ол.
Осылайша, Жамбыл облысынан 17 жүк «Камазы» су тасқынынан зардап шегіп жатқан жеті аймаққа жол тартты.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз