Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында дүкенге заңсыз ойын аппаратын орнатқан ауыл тұрғыны сотталды
- авторjambylinfo.kz
- 3 желтоқсан, 2021
- 234
Жамбыл облысында дүкенге заңсыз ойын аппаратын орнатқан ауыл тұрғыны сотталды
Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері 37 жастағы Луговое ауылының тұрғыны Д. Кемелбековтің заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғанын анықтады. «Тергеу барысында Д.Кемелбековтің азық-түлік дүкенінен орын жалдап, сертификатталған «Lotomatic» терминалдары түрінде 3 ойын аппаратын заңсыз орнатқаны анықталды.
Д.Кемелбеков сотталды, аппараттарды жою үшін мемлекет кірісіне алынды», делінген хабарламада. Ведомствоның мәліметінше, 2021 жылдың басынан бері Жамбыл облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырудың 8 дерегінің жолы кесілген.
Айта кетерлігі, жалған терминалды шынайыдан ажырату үшін телефон болса жеткілікті. Біріншіден, Lotomatic.kz сайтында Lotomatic ресми лотерея терминалдарының тізімін ашыңыз. Тізімдегі терминалдардың картадағы мекенжайы көрсетілген. Екіншіден, аппараттағы QR кодты сканерлесе, тексеру нәтижесінде «Терминал сертификатталған» деген жазу шығуы тиіс.
«Егер Сіз заңсыз ойын аппараттарын үйіңіздің не барған жеріңізден тапсаңыз, агенттіктің +7 (7172) 70-84-78 сенім телефонына немесе әлеуметтік желілердегі аккаунттары арқылы хабарласуыңызды сұраймыз», делінген хабарламада. Қазақстанда заңды бизнес ретінде жасырын электронды казино және ойын автоматтары жұмыс істейді, алайда олардың қызметіне «Ойын бизнесі туралы» заңмен тыйым салынған
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда облыс әкімінің мерекелік шыршасы өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 25 желтоқсан, 2024