Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында танымал спортшының бір үйір жылқысы қайтарылды
- авторjambylinfo.kz
- 23 желтоқсан, 2020
- 277
Жамбыл облысында танымал спортшының бір үйір жылқысы қайтарылды
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы жайылымнан 26 жылқы ұрланды. Белгісіз біреулер айдап кеткен үйір еркін күрестен чемпион, Олимпиада ойындарының жүлдегері Ақжүрек Таңатаровқа тиесілі болып шықты.
Полицияның хабарлауынша, спортшы тәртіп сақшыларына жылқыларын белгісіз біреудің ұрлап кеткенін айтып арызданған. Полиция аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 188-1-бабының 4-бөлігі (мал ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді басталды.
Сонымен қатар мал ұрлығына қатысы бар деген күдікпен Жарлысу ауылының 31 жастағы тұрғынын ұстады. Ол бұған дейін мал ұрлығы үшін екі рет сотталған болып шықты.
Ер адамның мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жылқылар иесіне қайтарылды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала