жексенбі, 23 маусым, 2024 12:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысындағы табиғи өрт оқшауланды

Жамбыл облысындағы табиғи өрт оқшауланды
Сурет: jambylinfo.kz
Өрттің жалпы аумағы  1800 гектарды құрайды

Күні кеше Меркі ауданының аумағында "Қазавиақорғау" РМҚК патрульдік тікұшағымен аэровизуалды ұшу барысында Сарғобы орман шаруашылығы аумағында өрт анықталып, бүгін оқшауланды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Бүгінгі ресми ақпаратқа сүйенсек, таңертең өрттің жалпы 1800 гектар аумағы оқшауланған. Өрт ошағының периметрі жыртылып жатыр.  

Өртті сөндіруге 167 адам және 39  орман шаруашылығы техникасы, "Қазавиақорғау" РМҚК тікұшағы жұмылдырылды. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар департаментінен 84 өрт сөндіруші мен 9 техника қосымша жіберілген.

Жағдай қиындаған жағдайға Алматы, Шымкент қалаларының ТЖМ топтары мен "Қазавиақұтқарудың" 2 әуе бортының дайындығы пысықталды.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар