Жамбыл облысының полициясы алдын алу шараларына басымдық беруде
- авторМағжан Орынбасар
- 9 қаңтар, 2026
- 92
Полиция қызметкерлері көлік құралдарының тоқтау және тұраққа қою қағидаларын бұзу деректерін анықтау бағытында белсенді жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Жол жағдайына жүргізілген мониторинг барысында қоғамдық орындар, базарлар мен сауда үйлерінің маңында жол қозғалысы қағидаларының талаптарын бұза отырып, өткелдерді жауып, басқа қозғалыс қатысушыларына кедергі келтіретін көлік құралдарының заңсыз тұраққа қойылу фактілері анықталды.
Іс-шара барысында негізгі басымдық түсіндіру жұмыстарына берілді.
Полиция қызметкерлері ең алдымен көлік құралдары иелеріне рұқсат етілмеген жерлерге қойылған автокөліктерді алып тастау туралы ескерту мазмұнындағы SMS-хабарламалар жолдап, сондай-ақ оқиға орындарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Заңды талаптарды елемеген тек 5 жүргізушіге ғана қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар шамамен 70 автокөлік иесіне профилактикалық брошюралар таратылып, жол қозғалысы қағидаларының талаптары түсіндірілді.
Өткен жылы көлік құралдарының тоқтау немесе тұраққа қою қағидаларын бұзғаны үшін 1040 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция — жазалаушы орган емес. Қабылданып жатқан барлық шаралар тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға, олардың қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған.
Ұқсас жаңалықтар
Байзақтағы жаппай улану: сот кәсіпкерді жауапқа тартты
- авторСадуақас Айсұлу
- 9 қаңтар, 2026






