Жамбылда 265 мемқызметшінің орны бос тұр
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Еркебаевтың қатысуымен «2020 жылдың І жартыжылдық қорытындысы бойынша жұмыс көрсеткіштері туралы» онлайн баспасөз конференциясы өтті.
Нұрлан Тәңірбердіұлының айтуынша, ағымдағы 2020 жылдың екінші тоқсанынан бастап пандемия жағдайында өткен мерзімде мемлекеттік аппараттың жұмысының тұрып қалмауы аса маңызды болды.
Бұл үшін мемлекеттік органдардың жұмыстарын өзгеше форматта ұйымдастыру арқылы, мемлекеттік қызмет саласында жұмыс атқарып жүрген кадрлардың әлеуетін төмендетпеу маңызды болды.
2020 жылдың 6 айдың қорытындысымен облыстағы мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 4707 адамды құрады.
Бос лауазымдардың үлесі 265 бірлікті немесе жалпы штат санының 5,3%-тін құрады.
Бос орындардың үлесі өткен жылғы сәйкесті мерзіммен салыстырмалы 1,5%-ке азайып отыр. Дегенмен, оның ішінде аудандық жергілікті атқарушы органдарда бос орындардың едәуір үлкен үлесі байқалады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Қалааралық автобустардың қозғалысы қайта жанданады
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында 100 келіден астам марихуана тәркіленді
- авторСадуақас Айсұлу
- 28 желтоқсан, 2024