дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 20:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда бруцеллезбен ауыратын малдар анықталып жатыр

Жамбылда бруцеллезбен ауыратын малдар анықталып жатыр
Фото - ашық дереккөзден
Бүгінге дейін бір ауданда 16 факт тіркелді

Т. Рысқұлов ауданында биыл сарып (бруцеллез) ауруын анықтау мақсатында 434 419 ауыл шаруашылық жануарларынан қан сынамасы алынып, диагностикалық тексерулер жүргізілген, деп хабарлайды jambylinfo.kz
Т.Рысқұлов ауданының ветеринариялық бөлімінің басшысы Ғабидин Әшімбековтың сөзінше,  сарып  ауруын анықтау үшін жасалған тексерулер нәтижесінде 23 бас малдан оң нәтиже анықталған.  Кесел тиген жануарлар мал сою пунктіне  өткізіліп, қайта өңдеуге жіберілсе, ірі қаралардың 7 басы санитарлық талаптарды сақтай отырып сойылған. 

 -   Зертхана қорытындысымен оң нәтиже берген жануарлар Ережеге сәйкес 15 күннен аспайтын мерзім ішінде жақ немесе сауыр аймағында "Б" әріпін таңбалау әдістерімен белгілеп, уәкілетті орган қатысуымен құрылған комиссиямен оқшауланып және санитариялық союға жіберіліп, әрі қарай қайта өңдеу цехтеріне өткізіледі,- деді Ғабидин Әшімбеков.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар