Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда құны 50 млн теңге тұратын темекі тәркіленді
- авторМағжан Орынбасар
- 17 қаңтар, 2025
- 925
Ілеспе құжаттарсыз 170 мың қорап көлемінде темекі өнімдері шекарадан заңсыз өткізілмек болған
Жамбылда құны 50 млн теңге тұратын темекі тәркіленді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаменті экономикалық тергеп-тексеру, полиция және мемлекеттік кірістер органдарымен бірлесіп темекінің ірі партиясын елге заңсыз әкелудің жолын кесті.
- Ілеспе құжаттарсыз 170 мың қорап көлемінде темекі өнімдерін электртехникалық бұйымдары есебінен Мемлекеттік шекарадан алып өтпек болған. Алдын ала бағалау бойынша, тәркіленген тауардың құны 50 млн теңгеден асады.
Ұсталған жүк әрі қарай қаралуы үшін тиісті органға берілді,- делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
«Тәуелсіздік шежіресі» атты танымдық мәдени кеш ұйымдастырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025





