бейсенбі, 19 наурыз, 2026 12:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жемқорлықтың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шара өткізілді

Жемқорлықтың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шара өткізілді
Ашық дереккөз
Жиында қызметтік міндеттерді адал әрі сапалы орындаудың маңыздылығы атап өтілді.

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 мекемесінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы басшысының орынбасары полковник Бижигит Оспанбековтің қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында профилактикалық іс-шара өткізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Аталған іс-шара барысында мекеме қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, олардың туындау себептері мен салдары, сондай-ақ қызметтік тәртіп пен заң талаптарын қатаң сақтау мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, қызметтік міндеттерді адал әрі сапалы орындаудың маңыздылығы атап өтілді.

Кездесу барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, заңдылық пен тәртіпті нығайту, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар