жұма, 27 желтоқсан, 2024 23:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жыл соңына дейін 30 елдімекенге газ тартылады

Жыл соңына дейін 30 елдімекенге газ тартылады
ашық дереккөзі
Жыл соңына дейін 30 елдімекенге газ тартылады
Жамбыл облысында 374 елді мекенде 1 126 479 халық тұрады. Соның ішінде, ағымдағы жағдайға 192 елді мекен (3-қала, 189-ауыл) немесе 51% табиғи газбен қамтамасыз етілген. Облыстың газдандырылмаған 182 елді мекендерін 2027 жылға дейін толығымен табиғи газбен қамтамасыз етудің жоспары әзірленді. Жоспарға сәйкес, 101 мың тұрғыны бар 89 елді мекенді табиғи газбен қамту үшін 8 жоба даярланды. Соның ішінде 2019 жылы 6 жобаның құрылысын бастауға мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлініп, толық игерілді. Сондай-ақ, 2020 жылы 6 нысанның құрылысын жалғастыруға және 2 нысанды бастауға қосымша қаржы бөлінді. Аталған 8 нысанның 1 нысаны (Талас ауд. 5 е.м.) ағымдағы жылы аяқталса, 7 нысанның құрылысы 2021 жылға өтпелі. Бұдан бөлек, 2020 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 14 елді мекеннің ауылішілік газ таратушы құбырының құрылысы іске асырылуда. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, жыл қорытындысымен 30 елді мекенге газ құбырлары жүргізіліп, 63 958 адам табиғи газбен қамту жоспарлануда. Нәтижесінде, табиғи газбен қамтылған елді мекендер саны 222 немесе 59% құрайтын болады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар