Қазақстан азаматтары АҚШ-тан емін-еркін шыға алады
- авторjambylinfo.kz
- 30 қаңтар, 2025
- 217

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев АҚШ-тан Қазақстан азаматтарының депортациялануы туралы ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz /kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.
Атап айтқанда, былтыр АҚШ-та депортацияға жататын мигранттардың арасында 369 қазақстандық туралы ақпарат тараған.
- Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі АҚШ-та заңсыз жүрген Қазақстан азаматтары осы елде заңсыз жүргендерін мәлімдеп, АҚШ-тан емін-еркін шыға алатынын ескертті. Салдары болатынын түсіндірген едік, - деді Ә. Бақаев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, егер мәжбүрлі депортация болса, онда бұл адамдарға болашақта АҚШ-қа сапарлауға қиынға түседі.
- Әзірге, басқа қандай шаралар қолданылатынын білмеймін, яғни осының бәрі АҚШ-тың мемлекеттік саясаты аясында іске асырылады. Жалпы, шетелден өз еркімен кетуге үнемі рұқсат берілген және солай болып қала береді. Бұл мүмкіндік Қазақстан азаматтары үшін бар. Осы мүмкіндікті пайдаланбайтындар үшін мәжбүрлеп депортациялау тетігі қолданылуы ықтимал, - деп түсіндірді Әлібек Бақаев.
Айта кетсек, АҚШ-тың көші-қон және кеден полициясының баяндамасына сәйкес өткен жылы Қазақстанның 24 азаматы АҚШ-тан шығарылған.
Еске салайық, АҚШ-тағы миграциялық саясаттың қатаңдатылуына байланысты Қазақстан елшілігі шетелде құжатсыз, визасыз жүрген қазақстандықтарға ескерту жасады.
Сондай-ақ министрлік Қазақстан азаматтарын АҚШ-тан шығарып жіберу туралы ақпарат түспегенін хабарлады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз