
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының президенті Юджин Джонгпен кездесті. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, соның ішінде тұрмыстық техника өндірісін дамыту және кооперациялық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.
Кездесу нәтижесінде Samsung Electronics Central Eurasia мен Silkroad Electronics зауыты арасында маңызды келісімге қол қойылды. Осы келісім аясында Қазақстанда алғаш рет Samsung теледидарлары құрастырылып, 2025 жылдың екінші тоқсанында сатылымға шығарылады.
Бақытжан Бекболат
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз