Жаңалықтар
Қазақстанда үсік, жауын-шашын мен қатты жел күтіледі
- авторБақытжан Бекболат
- 16 сәуір, 2025
- 4.5k
17–19 сәуір күндері еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы күрт суытады
«Қазгидромет» мәліметінше, бұл күндері жауын-шашын, үсік және қатты жел болады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Аптаның басында шығыс өңірде қар жаууы мүмкін. Сондай-ақ шығыс, солтүстік және орталық аймақтарда түнгі температура -1...-6 градусқа дейін төмендеп, күндіз +1...+8 градус шамасында болады. Жел екпіні кей жерлерде 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Оңтүстіктегі таулы және тау бөктеріндегі аудандарда түнде жаңбыр мен қар аралас жауын жауады. Күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде 3 градусқа дейін үсік түсуі мүмкін.
Тек еліміздің батысында күн ашық әрі жылы болады. Мұнда күндізгі температура +23...+28 градусқа дейін жетеді.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда өсімдік майын өндіретін ірі өндіріс орны іске қосылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Тәуелсіздік күніне орай ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025






