жұма, 21 наурыз, 2025 8:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді
ашықдереккөз
Бекболат Молдабеков жаңа цифрлық жобалары тақырыбында журналистердің сауалдарына жауап берді

Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

<<Digital Justice» (Цифрлық әділет) бағдарламасы аясында, қаржыны және уақытты үнемдейтін, қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ететін цифрландыру бойынша бірқатар шаралар қабылданғанын айтып өтті.

Жасандs интеллект  бүгінгі таңда азаматтарға құқықтық кеңес беру бойынша ЖИ элементтері бар чат-бот әзірленді. Қазір ол ZAN Komegi мобильді қосымшасы тестілеуден және қосымша тексеруден өтуде.

ЖИ іске асыру мақсатында бюджет қаражатынсыз біз заң қызметтерін көрсету бойынша платформаларды әзірлеуге бағытталған ІТ- ұйымдардың өкілдерінен (zan bar, iprav, ҚарМУ, ҚазҰТУ, ҚазҰУ және т.б.) жұмыс тобы құрылғанын айтты. Мысалы (adilet.zan, E-Zan Komegi, ΑΘΟ ААЖ). және т. б. бірқатар салаларда ауқымды жұмыстар атқарылғанын айтты.

Жақын арада Freedom Bank-пен бірлесіп Астана және Алматы қалаларында жылжымайтын мүлікті онлайн форматта тіркеу бойынша жобаны іске қосу жоспарлануда.

Сондай-ақ, Министрлік ағымдағы жылы құқықтық сауаттылықты арттыру және құқықтық кеңес алудың қолжетімділігін арттыру мақсатында «Е-заң көмегі» мобильдік қосымшасында жасанды интеллектпен чат-ботты енгізуді жоспарлап отыр.

Бұл азаматтарға 24/7 режимінде өздерін қызықтыратын құқықтық сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді.

Жалпы жүргізіліп жатқан жұмыс қаржылық және уақыт шығындарын үнемдей отырып, жаңа цифрлық уақыт жағдайында адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар