жұма, 28 наурыз, 2025 16:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң мақұлданды

Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң мақұлданды
ашықдереккөз
Бұл ақпаратты сенат депутаттары "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бірінші оқылымында мақұлдаған

Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң мақұлданды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бұл заңға сәйкес Түркістан қаласының тарих және мәдениет ескерткіштері мен тарихи-мәдени мұрасы объектілерін, оның ішінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қорғау аймақтарында орналасқан объектілерді басқарудың, сақтаудың және олардың бүтіндігін сақтап тұрудың тиімді жүйесін құру қарастырылған.

“Атап айтқанда, құрылыс салуды реттеу аймағында құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде сәулет келбеті бойынша олардың тарих және мәдениет ескерткіштерінен асып кетуіне жол берілмейді деп көзделеді. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бірегейлігін сақтау және оның айналасындағы аумаққа құрылыс салуға жол бермеу мақсатында кесененің қорғау аймағының шекарасынан бір жүз метр қашықтықта биіктігі жеті метрден асатын және ауқымы, түсі және құрылыс материалдары бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерімен үйлеспейтін объектілер салуға жол берілмейді”, – деді сенатор Сүйіндік Алдашев.

 

Аяжан Дәулетбекқызы
Автор

Аяжан Дәулетбекқызы

Аяжан Дәулетбекқызы

Ұқсас жаңалықтар