Кибербуллинг: балалардың әлеуметтік желідегі қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеміз?
- авторБақытжан Бекболат
- 21 қараша, 2025
- 7
Бүгінгі күнге дейін 11-15 жастағы жасөспірімдердің 12 пайызы кем дегенде бір рет немесе одан да көп кибербуллингке ұшырағаны белгілі болған. Жоқ дегенде бір рет басқа адамдарды кибербуллинг құрбаны етуге жасөспірімдердің 11 пайызы барған.
Кибербуллинг, жалпы онлайн алаяқтыққа қарсы құзырлы орган өкілдерінен бөлек, екінші деңгейлі банктердің әрекеті жайлы банк қызметкерінен пікір алдық.
– Алаяқтық – ақша, ақпарат, мүлік немесе ресурстарға қол жеткізу сияқты пайда табу мақсатындағы әдейі алдау әрекеті. Бұл телефон қоңыраулары мен хаттардан бастап, күрделі кибершабуылдарға дейін әртүрлі түрде болуы мүмкін.
Бас прокуратураның дерегінше, 2024 жылы 128 дроппер жауапкершілікке тартылды, 59 алаяқтық топ анықталды, сот өткен жылы 800 талап бойынша 1 миллиард теңгеден астам соманы өндіріп алды. Қаржы мониторингі агенттігінің дерегіне сүйенсек, дропперлер ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушылары ретінде сотталады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 231-1-бабына сәйкес, өзінің банк шотына қол жеткізуді заңсыз бергені үшін 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Үшінші тұлғалардың мүддесінде төлемдер немесе аударымдар жасағаны үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы бар. Бөтен біреудің банк деректемелерін тарта отырып схемаларды ұйымдастырғаны үшін (дропперлік) мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады, – дейді Halyk Bank кибер алаяқтық және дроп әрекеттерінің алдын алу бөлімінің маманы Дильбара Кожебекова.
Білікті маманның айтуынша, алаяқтарда адамға деген аяушылық сезімі мүлде болмайды. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін барын түрлі жолмен иеленгісі келеді.
– Қарапайым адамдарды алаяқтар қалай өзіне тартады дегенге тоқталсақ, сауда платформаларындағы алаяқтар, мысалы, маркетплейстерде немесе әлеуметтік желілерде адамдарда жоқ тауарларды сату туралы хабарландырулар жасайды. Тауарларды төмен бағамен, көбінесе «шектеулі акция», «қойманы босату» немесе «тек бүгін» деп жарнамалайды.
Жарнама әлеуметтік желілер, іздеу жарнамалары, e-mail таратылымдар арқылы жіберіледі. Ондайда оң пікірлердің болмауы, заңды ақпараттың жоқтығы алаяқтық екенін аңғартады.
Жәбірленуші ақша аударады, жеке деректерді береді, аккаунтқа кіру мүмкіндігін ашады, зиянды бағдарламаны орнатады. Керектісін алғаннан кейін алаяқ хат-хабарларды жояды, жәбірленушіні бұғаттайды, оның деректерін немесе аккаунтын басқа схемаларда қолданады.
Мұндайда қауіпсіздік шаралары қандай? Кім жазып жатқанын тексеріп, егер таныс адам болса, ауызша немесе жеке сөйлесу қажет. Ешкімге жеке деректерді бермеу керек. Екі факторлық аутентификацияны қосып, WhatsApp және Telegram-дағы тіркелген құрылғыларды тексеру қажет.
Фишингтік сілтемелерді Telegram-дағы @KZ_CERT_chat_bot арқылы, нөмірді алаяқтыққа тексеруді Астана қаласы прокуратурасы құрған WhatsApp-бот +7 747 680 02 10 арқылы жүргізуге болады, – дейді Д. Кожебекова.
Әр баланың болашағына – тек қоғам ғана емес, ата-ана да тікелей жауапты.
Буллинг балалардың көңіл-күйін қалай өзгертеді?
Ұқсас жаңалықтар
Талас халық театры республикалық додада топ жарды
- авторБақытжан Бекболат
- 8 желтоқсан, 2025





