бейсенбі, 24 сәуір, 2025 20:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мәлік Отарбаев облыс имамдарымен кездесті

Мәлік Отарбаев облыс имамдарымен кездесті
Фото: Jambylinfo.kz
Жиында бірқатар мәселе көтерілді

ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Жамбыл облысының имамдарымен кездесті,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жиынға Тараз қаласындағы мешіттердің бас имамдары, «Һибатулла Тарази» медресе-колледжі шәкірттері мен мешіт жанынан  құрылған әжелер алқасы қатысты.

Мәлік Отарбаев кездесуде Ұлттық құрылтайдың IV отырысындағы тапсырмаларды жүзеге асыру жөніндегі маңызды тақырыптар аясында сөз өрбітті.

Президент кеңесшісі Жолдауда еліміздің азаматтарының дініне, ұлтына, әлеуметтік жағдайына және басқа да себептерге байланысты ешкімге ешқандай қысым жасалмайтындығы айтылғанын жеткізді. Сонымен қатар бұл бағытта да құзырлы органдар тиісті жұмыстарын атқарып жатқандығын еске салды.

Бұдан бөлек, дін қызметкерлерінің жаңа қоғамға сай білім-біліктілігін арттыру мәселесін талқылады.

Өз кезегінде дін қызметкерлері көкейде жүрген сауалдарын жолдап, ұсыныс - пікірлерін де жеткізді.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар