сенбі, 28 желтоқсан, 2024 12:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шуда полиция 2 тонна 150 келі жабайы қарасораны жойды.

Шуда полиция  2 тонна 150 келі жабайы қарасораны жойды.
Сурет ашық дерекөзден алынды
Жамбыл облысында нашақорлыққа қарсы күрес айлығы аясында жабайы қарасораны вегетативті жетілуіне дейін жою жұмыстары іске асырылып жатыр, деп хабарлайды «Jambylinfo.kz».

​Былтыр жасалған жаңа картаның полицияға көп көмегі тиді. Соның арқасында Шу алқабындағы жабайы қарасора өсетін нақты аумақтарды жүйелі бақылауға мүмкіндік берді .

- Есірткіге қарсы іс-шаралар кешеніне жабайы қарасораны дайындап, әкетудің алдын алу ғана емес, оның жаппай плантацияларын жою да кіреді. Өсудің негізгі ошақтары – қараусыз қалған бақшалар, мақсатына сай пайдаланылмайтын ауылшаруашылық алқаптары. Біз химиялық өңдеуді жүргізбейміз, өйткені бұл экологияға зиянды. Шөпті шабу тиімділігі жағынан химиялық заттардан төмен, бірақ әлі де тиімді әдіс болып табылады. Біз жыл сайын қарасораның вегетативті жетілуіне дейін барлық процедураларды орындауға тырысамыз. Біздің жұмысымызға түсіністікпен қарайтын ауыл тұрғындарына алғысымызды білдіреміз, - деді ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.
​Полицейлер  учаскелерді мұқият бақылауға алған. Өткен аптада 1,8 гектар жерді орып,  өртеу салдарынан 2 тонна 150 келі жабайы қарасора жойылған.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар