Мамандар кене шаққан жағдайда дереу медициналық көмекке жүгінуге шақырады, себебі уақытында көмек көрсету инфекцияның алдын алуға мүмкіндік береді.
Жамбыл облысында наурыз айының соңында 18 адам кене шаққан, бұл өңірде кене арқылы тарайтын қауіпті аурулардың бірін — Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын жұқтыру қаупін тудырып отыр, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 31 наурыздағы жағдай бойынша өңірде 46 қауіпті ошақ тіркелген.
Олардың ішінде:
Мойынқұм ауданында — 13,
Таласта — 8,
Сарысуда — 12,
Жамбыл мен Байзақта — 2,
Шу ауданында — 8,
Таразда — 1 ошақ бар.
Наурыз айынан бері облыста 11 мыңнан астам кене жиналып, оның 792-сі зерттелді. Зерттеу нәтижесінде 27 сынамадан Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы вирусы анықталды.
Келесі мақала