сәрсенбі, 14 мамыр, 2025 4:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жедел жәрдем қызметінде жаңа тәртіп: енді төртінші санаттағы шақыртулар емханалық бригадаларға бағытталады

Жедел жәрдем қызметінде жаңа тәртіп: енді төртінші санаттағы шақыртулар емханалық бригадаларға бағытталады
ашық дереккөз
2025 жылдың 1 мамырынан бастап жедел жәрдем шақыру тәртібіне өзгерістер енгізілді.

Енді өмірге тікелей қауіп төндірмейтін жағдайлар бойынша (мысалы, жоғары қан қысымы, дене қызуы немесе жеңіл жарақаттар) жедел жәрдем емес, емханалар жанындағы мобильді бригадалар қызмет көрсетеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Аталған төртінші санаттағы шақыртулар тек күндізгі уақытта — таңғы 8:00-ден кешкі 20:00-ге дейін қабылданады. Мобильді бригаданың келу уақыты бір сағатқа дейін созылады.

Ал шұғыл жағдайларда (бірінші, екінші және үшінші санаттар) жедел жәрдем бұрынғыдай тез жетуге міндетті. Шақыртудың шұғыл деңгейіне қарай көмек 10-30 минут ішінде көрсетіледі.

Түнгі уақытта және демалыс күндері барлық санаттағы шақыртуларға жедел жәрдем бригадалары барады.

Айта кетейік, жедел жәрдемге жүгіну тәсілі өзгермейді — тұрғындар бұрынғыдай 103 нөміріне қоңырау шалып, кез келген уақытта көмекке жүгінуге құқылы.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар