сейсенбі, 16 желтоқсан, 2025 20:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Енді еліміздегі медицинада жасанды интеллект инсульт пен обырды ерте анықтауға көмектеседі

Енді еліміздегі медицинада жасанды интеллект инсульт пен обырды ерте анықтауға көмектеседі
Фото: Кабар
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті

Қазақстанда денсаулық сақтау саласында жасанды интеллект дәрігерді алмастыратын құрал ретінде емес, медициналық шешім қабылдауды қолдайтын тиімді көмекші ретінде қарастырылып отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сарапшылардың мәліметінше, бүгінде қолдану бағыттары, жетілу деңгейі және клиникалық маңыздылығы бойынша жіктелген 50-ден астам MedTech шешімі талданған. Жобалардың басым бөлігі диагностиканы жетілдіруге, оңалту үдерісін жақсартуға, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға және медициналық деректерді өңдеуге бағытталған.

- Атап айтқанда, инсультті, өкпе мен сүт безі обырын ерте диагностикалау, сондай-ақ стоматологиялық бейнелерді талдау саласындағы басым жасанды интеллект жобаларының тізбесі қалыптастырылды. Бұл шешімдер қазірдің өзінде еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі медициналық ұйымдарда енгізіліп, ауқымы кеңейтіліп жатыр, - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратында.

Сонымен қатар медициналық қызметтердің сапасын талдау және басқару, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау, сондай-ақ созылмалы жүрек жеткіліксіздігін ерте анықтау үшін жасанды интеллект құралдарын кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар